Ноябрь, 2021
22Ноя(Ноя 22)00:0010Дек(Дек 10)00:00«Жүз жасаған Жамбыл»
Детали события
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жүз жасаған Жамбыл» атты қалалық мектепаралық байқауыды жариялаймыз?! «Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі» ЖШС Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
Детали события
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған
«Жүз жасаған Жамбыл» атты қалалық мектепаралық байқауыды жариялаймыз?!
«Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық Колледжі» ЖШС Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан, шығармаларын зерттеуден байқау жариялайды.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
✓ Патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту және жаңа технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне және көркемсөз өнеріне баулу;
✓ ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың өмірі,шығармашылығымен таныстыру,ақындық талантын оқушы жүрегіне ұялату,олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру,патриоттыққа тәрбиелеу;
✓ Қоғамның және жастардың Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамыту.
Өтінімдер қатысушылардан 2021 жылдың 22 қараша – 30 қараша аралығында zhumagali97@list.ru электронды поштаға қабылданады;
Байқаудың шарттары:
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің 9-сынып оқушылары қатыса алады.
Өткізу мерзімі: 2021 жылы 9 желтоқсан, қатысушылардың жиналуы- сағат 14.00, шараның басталуы -сағат 15.00
Барлықтарыңызды күтеміз✨
With love, your KILC ?
Больше
Время
Ноябрь 22 (понедельник) 00:00 - Декабрь 10 (пятница) 00:00