Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ағылшын тілін біле отырып)

2020 жылдан бастап KILC колледжі дуальды оқыту түрінде мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу мамандығына талапкерлерді қабылдауды бастайды. Біздің студенттерді мектепке дейінгі білім берудің серіктес ұйымдарындағы практикалық сабақтарға сәйкестендіру мүмкіндігінің арқасында бұл мамандық студенттері ағылшын тілін үйреніп, практика жүзінде жұмыс істейтін мамандардан біліктілік пен тәжірибе ала алады. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау олардың даму ерекшеліктері мен физиологиясын білуді талап етеді, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған педагогика ережелерін білумен қатар оларды ұсына білу, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жеткізе білу де маңызды. Осының барлығын және басқаларын сіз осы мамандықтан таба аласыз.

Оқыту формалары:

күндізгі (шарттық)

Шетел тілдері:

ағылшын

Оқу мерзімі:

3 жыл 10 ай

Оқу құны:

Жылына 180 000 теңге

Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі

Мамандықтың атауы Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес келеді.

Күндізгі оқу нысаны кезінде кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі:

- негізгі жалпы білім беру базасында – 3 жыл 10 ай

Түлектің біліктілігі-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ағылшын тілін білумен)

Мамандық түлегі 0101000 - мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу келесі қызметтерді атқара алады:
- мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші;
- педагогикалық колледждің оқытушысы;
- білім беруді басқару бөлімінің жетекші маманы;
- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттарындағы мектепке дейінгі білім беру маманы.

Өтінім қалдырыңыз

Сіздің жаңа мамандығыңыз сізді күтеді!

    ×
    ×
    X