Студенттік шақ – өмірдің ерекше сәті!

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің бірі. Осы мақсатта Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжімізде балаларды адамгершілік сана – сезімін оятып, жағымды мінез-құлқын қалыптастыруда түрлі іс-шаралар өткізілуде.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінен келген хат негізінде, ПД 21-3, ПД 21-6 топ студенттері ерікті түрде Коктал -1, Коктал -2 ауыл тұрғындарын көктем мезгілінде қар еріп су тасқыны болатын қатерлі ауылдардың алдын алу үшін, жеке ауласы мен көшелерін қардан және мұздан тазарту туралы ақпараттық буклеттер тарата отырып жасалған іс-шараға ат салысты.

Сонымен қатар колледжімізде студенттеріміздің өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Өзін- өзі бағалау деңгейлерін арттыру мақсатында психолог мамандармен семинар-тренингтер ұйымдастырылып өткізілді.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы арада да біздің  колледжіміздің студенттері түрлі деңгейлердегі конкурстарға қатысып өз білімдерін көрсете білді.

Қорыта келе, Қазақстан Халықаралық Лингвистикалық колледжіміздің студенттері біліммен қатар тәрбиені ту етіп, жан-жақты екендіктерін үнемі дәлелдеуде.

16.03.2022
X