Жаңа бағыт- жаңа көзқарас

Қазақстан Халықаралық  Лингвистикалық Колледжі жұмыс берушілердің талаптарына жауап беретін шет елдік мамандарды тарта отырып, білім беру ауқымын кеңейткен елордалық білім беру мекемелерінің бірінен бірегейіне айналды. Жаңа индустрияға тоқтала келе, 2016 жылдан бастап біз білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын жаңа талаптарға сай мамандар дайындаудамыз. Біздің заманауи оқу орнымыз жыл сайын, материалдық-техникалық базасын арттыруда, соның нәтижесінде  бүгінгі таңда сұранысқа ие елдегі ең үздік колледждердің бірі болып отыр.

Қазақстан Халықаралық  Лингвистикалық Колледжі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша колледждің ішіндегі ең алғашқы болып, студенттерінің халықаралық деңгейдегі тәжірибеден өтуін  ұйымдастырып, студенттердің біліктіліктерін шет мемлекеттерде  арттырып отыр.

Колледж  республикалық маңызы бар акционерлік қоғамдар, ұлттық компаниялар, қоғамдық қорлар, мемлекеттік мекемелермен сияқты ірі әлеуметтік серіктестерімен мақтана алады.Тәжірибе өту барысында әлеуметтік серіктестер тарапынан студенттер алғыс хаттармен марапаталуда. Қазіргі заман талабына сай «Шет тілі мұғалімі»мамандығы бойынша Нұр-Сұлтан қалалық №75, №72 мектептермен біріге отырып «Дуалды» оқыту түрін жүзеге асыруда. Кәсіптік бағыт беру мақсатында әлеуметтік серіктес мекеме басшыларымен кездесулер үнемі ұйымдастырылып отырады.

 «Қазақстан Халықаралық  Лингвистикалық Колледж»  5 жылдық тарихы бар оқу орны бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша өз миссиясын орындап келеді және еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етуде…..

13.12.2021
X